Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус пандемиясы адамдардың психологиясына қалай әсер етті

2021 жылдың 25 қазан 2021 13:21

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Коронавирус пандемиясы көпшіліктің психологиясына жайсыз әсер етті. Ақпарат ағыны жылдам заманда вирус туралы сантүрлі алыпқашпа жаңалық елдің көңілінде үрей мен қорқыныш туғызды. Бұл туралы С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде өткен баспасөз мәслихатында психиатрия саласындағы жетекші маман айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспасөз мәслихаты барысында В.М. Бехтерев атындағы Ұлттық медициналық психиатрия және неврология зерттеу орталығының директоры Николай Незнанов пандемия адам психологиясына кері әсер еткенін айтты.

«Кез келген үрей негатив әсер қалдырады. Егер адам ауру жұқтырып аламын деп қорықса, адамның ағзасы жалған симптом сезінуі мүмкін. Коронавирус адамдарды жаппай қиын психологиялық халге әкелді. Біреулер жұмысынан айырылды, біреулер ішімдікке салынды. Өзін-өзі оқшаулау, адамдармен қатынасты үзу біздің әдеттегі өмірімізге көп өзгеріс әкелді. Әдетте депрессия бірнеше күн ішінде аяқталуы тиіс. Ал егер клиникалық депрессия туралы айтатын болсақ, мұндай жағдай бірнеше аптаға, айға созылады. Күйзеліс көп жағдайда сыртқы факторлардың әсерінен туындайды. Егер оны ковид жағдайына экстраполяция жасасақ, бұл - вирустың әсері ғана емес, сонымен бірге оқшаулау, жағдайды болжау проблемалары», - деді дәрігер.

Оның айтуынша, күйзелістің өсуі жаһандану мен ақпараттың тез таралуынан туындап отыр.

«Негізгі теріс әсерлер ақпараттың жаңа толқынынан пайда болады. Мұндайда адамдар жағымсыз эмоция сезінеді. Әлбетте, әр адамда жағдай әртүрлі болады. Біреу бұрышқа тығылады. Біреу агрессивті бола бастайды. Ең алдымен қай жағдайда да өмірдің экстремалды логикасы қазір шынайы болып жатқан нәрсе екенін мойындау керек. Ыңғайына төселе білуге тырысқан жөн. Қорқыныштан арылу үшін миды тыныштандыратын іспен айналысқан абзал»,- дейді ол.

Алайда, оның пікірінше, дәрі-дәрмек - ең соңғы әдіс.

«Дәріні жақсы өмірден қабылдамаймыз. Бұл - әрдайым адамның жағдайы мен физикалық және интеллектуалдық мәселесі. Дәрі тосқауыл қоя алады. Егер антидепрессант туралы айтатын болсақ, олар көңіл-күйді тұрақтандырады және жақсартады, бірақ күйзеліс мәселесін шешпейді. Сондықтан барынша үрейге бой алдырмаған жөн»,- деді Николай Незнанов.


Жоғары қарай