Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Коронавирус: Оңтүстік Корея Сеул мектептерінде оқушылар санын қысқартады

2020 жылдың 29 мамыр 2020 15:25

СЕУЛ. ҚазАқпарат – Оңтүстік Корея үкіметі логистикалық орталықтарды жан-жақты тексеруден өткізіп, Сеул қаласында мектеп оқушыларының санын шектейді. Бұл туралы ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елдің білім беру министрлігі коронавирустың қайта таралуына қарсы сақтандыру шарасы ретінде Оңтүстік Корея астанасындағы мектеп оқушыларының санын шектеуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

Бастауыш мектепте оқитын балалар саны жалпы санының үштен бірі, ал орта сыныптағы оқушылардың үштен екі бөлігіне дейін қысқартылуы тиіс, деп мәлімдеді білім вице министрі Пак Бэг-бом баспасөз конференциясы кезінде.

Оқушылар санын қысқарту жоспары тек ел астанасындағы оқушыларға ғана тиісті болады.

Еске сала кетсек, бұл шешім денсаулық сақтау органдарының бір күнде коронавирус жұқтырудың 58 жаңа оқиғасы туралы хабарламасынан кейін қабылданды. Бұл соңғы екі айда індет жұқтырудың ең жоғары көрсеткіші болып отыр. Барлық оқиғалар ел астанасында тіркелген.


Басты сөздер: Коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай