Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Коронавирус: «Омикрон» штамы Ресейдің 60-тан астам ауданынан анықталды

2022 жылдың 22 қаңтар 2022 00:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясында «омикрон» штамы D 60-тан астам аудандарға таралды.

Өткен тәулікте елде коронавирус инфекцияның 49 513 жағдайы тіркеліп, 9 136 адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап.

Науқастар әсіресе Мәскеуде көп анықталды - 15 987, Санкт-Петербургте – 5 922 және Мәскеу облысында – 4 424.

Коронавирустың әсерінен 692 науқас қайтыс болды. Бұған дейін жұқпалы аурулар маманы Евгений Тимаков Ресейде COVID-19 ауруының жоғары деңгейі ақпан айының ортасында болады деп мәлімдеді. Мәскеуде ол сәл ертерек болуы мүмкін — қаңтардың аяғында-ақпанның басында. Себебі, «омикрон» штамының инкубациялық кезеңі екі-үш күн, ең көбі жеті күн, дейді маман.

АҚШ иммунологтары зерттеу барысында «омикрон» штамының өзіне қарсы иммунитетті тиімді қалыптастыратынын анықтады. Атап айтқанда, биологтар covid-19 жаңа нұсқасымен ауыратындар коронавирустың осы штамына қарсы иммунитетті қалыптастыратынын және SARS-CoV-2 басқа нұсқаларынан, соның ішінде «дельтадан» қорғауды ішінара күшейтетінін анықтады.

Ғалымдар WA1 және «дельта» штамдарын жұқтырған тышқандарда гипотермия, летаргия және салмақ жоғалту сияқты белгілер пайда болғанын атап өтті. «Омикрон» жұқтырғандар, керісінше, қалыпты болып көрінді, ал олардың тыныс жолдарындағы вирустың репликациясы әлдеқайда төмен болды.


Жоғары қарай