Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Науқас қандай жағдайда ауруханаға жатқызылады

2020 жылдың 23 қыркүйек 2020 21:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сoronavirus2020.kz сайтында COVID-19 ауруының қандай белгілері пайда болған кезде науқас шұғыл ауруханаға жатқызылатыны түсіндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер температура 3-5 күннен артық сақталса немесе қысқа мерзімді қалыпқа түскеннен кейін қайта көтерілсе, сондай-ақ жөтел пайда болғанда немесе күшейгенде, бұл туралы жергілікті дәрігерге хабарлау керек», - делінген ақпаратта.

Егер сырқаттың ауыр белгілері пайда болса, жедел жәрдем шақыру қажет. Төмендегі симптомдар ауруханаға шұғыл жатқызудың критерийлері болып саналады:

- тыныс алу жиілігі минутына 24-тен жоғары;

- сатурация 95 пайыздан аз;

- ентігудің өршуі;

- қан қысымының төмендеу тенденциясы.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Коронавирус, Медицина,
Жоғары қарай