Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус мутациялана бастады: Жаңа вирусқа 20A.EU1 деген атау берілді

2020 жылдың 31 қазан 2020 18:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуропадағы коронавирус инфекциясын жаңа жұқтыру жағдайларының 80%-ына мутацияланған коронавирус себеп болды.

Бұл туралы ақпарат ҚР Үкіметі жанындағы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Каналдың хабарлауынша, бұл вирус осы көктемде және жазда бүкіл әлемді жайлаған вирустан өзгеше. Оған 20A.EU1 деген атау берілді.

Гендік мутация Испанияда маусым айында пайда болып, Еуропаға оралған туристермен бірге таралды.

Испан генетигі Иньаки Комас вирустың таралуы коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдардың бұқаралық іс-шараға қатысуынан басталды деп болжайды.

Ғалымның болжамынша, вирустың одан әрі тез таралу себебі Испанияда демалып жатқан азаматтардың қауіпсіздік шараларын сақтамауымен байланысты болып отыр.

Мутацияланған вирустың тарау жылдамдығы және оның қаншалықты қауіпті екені әзірге белгісіз. Бұған дейін, АҚШ-та осыдан да агрессивті, D614G деп аталған, SARS-CoV-2-нің мутациясы анықталды.

Басты сөздер: Медицина, Коронавирус,
Жоғары қарай