Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Коронавирус: Меккеден келген Қаскелең тұрғыны айығып, үйіне шықты

2020 жылдың 10 сәуір 2020 14:04

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында коронавирустан жазылып, ауруханадан шыққан науқас үш апта бойы ем қабылдаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz ресурсына сілтеме жасап.

20 наурыз күні коронавирус диагнозымен түскен азамат Қаскелең қалалық инфекциялық ауруханасында толық ем алып, үйіне шығарылды.

Қарасай ауданы Қырғауылды ауылының тұрғыны 1985 жылы туған азамат 17 наурызда Меккеден Түркия мен Қырғызстан елдері арқылы Алматыға келген.

Емделушіге 8 сәуірде жасалған қайта талдау нәтижесі теріс екенін көрсеткен.

Пациентпен қарым-қатынас жасаған 2 азамат пен олардың отбасы шұғыл оқшауланып, дәрігерлер бақылауына алынған. Талдау қорытындысы теріс.


Жоғары қарай