Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: медқызметкерлерге үстемеақы беру тоқтатылады, кей бағытта сақталады

2021 жылдың 21 шілде 2021 17:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 қазаннан бастап пандемиямен күреске жұмылдырылған медицина қызметкерлеріне үстемеақы төлеуді тоқтату туралы бұйрық жобасы Ашық үкімет порталына шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы тәуекел тобы бір қызметкерге үстемеақы мөлшері 2021 жылғы 1 тамызға дейін республикалық бюджет туралы заңда биыл белгіленген ең төмен жалақының жиырма еселенген мөлшерінен және 2021 жылғы 1 қазанға дейін – он еселенген ЕТЖМ-ден аспайды», - деп жазылған бұйрықтың жаңа нұсқасында.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, 2021 жылғы 1 ақпаннан бастап халықты және денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерін жаппай вакциналау басталды. Сонымен бірге, медицина қызметкерлері қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.

Осылайша, ерекше және зиянды еңбек жағдайларында медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерін қолдаудың жүйелі шараларына көшу мақсатында үстемақылар мөлшерін кезең-кезеңімен төмендету ұсынылады: тамыздан қыркүйекке дейін – белгіленген мөлшерден 50% және 1 қазаннан бастап үстемақы төлеу тоқтатылады.

Бұл ретте реаниматолог-анестезиологтар, инфекционистер, реаниматология және анестезиология бөлімшелерінің анестезистері, эпидемиологтар, психологтар және МСАК әлеуметтік қызметкерлері, ядролық медицина орталығының қызметкерлері, ядролық медицина-патологонатомдарға үстемеақы төлеу жалғасады», - дейді министрлік.

Аталған бұйрық 2021 жылғы 1 тамызда қолданысқа енгізіледі.


Жоғары қарай