Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус көбіне профилактикалық шараның сақталмауынан тарайды – дәрігер

2020 жылдың 30 қараша 2020 19:55

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Бұқаралық шаралар, әлеуметтік арақашықтықты сақтамау және бетперде кимеу ауыр зардаптарға соқтыруы әбден мүмкін. Бұл туралы С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің жұқпалы және тропикалық аурулар кафедрасының профессоры Равиля Егембердиева онлайн-сұхбат барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша «сары» аймаққа енді. Сарапшылар инфекцияның күрт артуын карантиндік шаралардың босаңсуымен байланыстырады.

«Қыркүйек-қазан айларында коронавирустық инфекцияның қалада төмендеуі тұрғындардың босаңсуына ықпал етті. Сауда орталықтары мен саябақтардың жұмыстарын қайта жаңғыртуы дерттің күрт өсуіне әкелді. Сонымен қатар, суық түсіп, вирустың сыртқы ортада сақталуы мүмкін болды, ал бұл жағдайды күрделендіре түседі», - деді Р. Егембердиева.

Оның айтуынша, тұрғындардың басым бөлігі әлі күнге дейін коронавирустың бар екеніне сенбейді, соның салдарынан профилактикалық шараларды елемейді. Кейбіреулер тіпті дәрігерлер сандар мен деректерді асырып көрсетеді деген сенімде.

«Бірақ, өкінішке орай, коронавирустық инфекция бар және оның зардабы өте ауыр. Сонымен қатар, бұл дертті жұқтырған кез келген адамда ауру асқынуы мүмкін. Ахуалдың күрделі екенін түсінгенде ғана адамдардың әлеуметтік жауапкершілігі артатын болады», - деп есептейді спикер.

Сонымен қатар, ол профилактикалық шараларды қатаң сақтау коронавирусқа қатысты ұсыныстардың ең маңыздысы екенін атап өтті. Олар: бетперде тағу, қолғап кию, дезинфекция құралдарын қолдану. Жабық кеңістікте әлеуметтік қауіпсіз арақашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болу.


Жоғары қарай