Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Коронавирус: Қазақстанда стационарлық карантинде жатқандардың саны 1400-ден асты

2020 жылдың 15 наурыз 2020 13:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қазіргі уақытта ел аумағында 1400-ден астам азамат стационарлық карантинде, ал 545 азамат үй карантинінде жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы ел бойынша қазіргі таңда 1400-ден астам азамат стационарлық карантинде, ал 545 азамат үй карантинінде жатыр. Тағы басқа мемлекеттен келіп жатқан азаматтар үш санат бойынша бақылауда немесе жалпы есепте тұрады. Осы жағдайға байланысты қажетті іс-шаралар мемлекеттік деңгейде ведомствоаралық комиссияның шешімімен қабылдануда. Өздеріңізге мәлім, жалпы үлкен шараларға тыйым салынып, олар тоқтатылды. Қазір қажетті санитарлық-эпидемиологиялық шаралар енгізілуде. Әрине, біздің негізгі мақсатымыз – осы коронавирус инфекциясының таратылуын тоқтату. Бұл бағытта санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қажетті барлық шараны қабылдауда», - деді Елжан Біртанов «Хабар 24» арнасынан тікелей эфирде.

Оның айтуынша халық көп жиналатын орындарда арнайы шаралар күшейтілген. Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында тіркелген азаматтарға байланысты барлық бақылау шарасы енгізілді.

Айта кетсек бірер минут бұрын ғана Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 8-ге жеткенін, жаңадан жұқтырғандардың бірі Сеулден ұшып келгенін хабарлаған еді.


Жоғары қарай