Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Қазақстанда «қызыл» аймақта ешбір өңір қалған жоқ

2021 жылдың 20 ақпан 2021 10:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі 20 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20 ақпандағы матрицаға сәйкес, Қазақстанның ешбір облысы «қызыл» аймақта жоқ.

Бірнеше күннен бері «қызыл» аймақта жалғыз өзі тұрақтап қалған Павлодар облысы «сары» аймаққа ауысты.

«Сары» аймақта - Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары бар.

Қалған өңірлердің бәрі - «жасыл» аймақта.

Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.


Жоғары қарай