Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Коронавирус: Қазақстанда карантинге жатқызылғандар саны 170 адамға көбейді

2020 жылдың 14 наурыз 2020 21:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -Қазақстанда бір тәулік ішінде коронавирусқа байланысты стационарлық карантинге жатқызылғандар саны 170 адамға көбейді. Мұндай дерек ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде елімізде коронавирус жұқтырған 6 науқас, оның ішінде Алматы қаласында – 4, Нұр-Сұлтан қаласында 2 адам тіркелген. Стационарлық карантинде - 1 260, үй карантинінде 453 адам жатыр. Сонымен қатар ҚХР-дан және шекаралас мемлекеттерден келген азаматтарға мониторинг жалғасуда», - деп атап өтеді министрліктен.

Ведомствоның мәліметінше, барлық санаттар бойынша мониторингке 2 мың 272 адам алынды. Оның ішінде 1 «А» санаты бойынша – 1 438, 1 «Б» санаты бойынша – 475, 2-санаты бойынша 359 адам бар. Мониторингке алынған 2 272 адамның 380-іне бақылау тоқтатылды. 1 892 адамға мониторинг жүргізілуде.

«Қазіргі уақытта дене қызуымен және ЖРВИ белгілерімен 116 адам ауруханаға жатқызылды. Оның ішінде 1 «б» санаты бойынша – 31 адам, 2-санат бойынша – 42 адам 3-санат бойынша - 43 адам. Ауруханаға жатқызылғандар саны 116, 62 азамат шығарылды. 54 адам стационарда қалады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен аталған пациенттер алгоритмге сәйкес инфекциялық стационарға жатқызылды. Эпидемияға қарсы қажетті шаралар, оның ішінде оқшаулау, емдеу және зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуде. Жағдай ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында«,- делінген таратылған ақпаратта.

Айта кетейік, бүгін таңертең еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі 1 090 адамның стационарлық карантинде жатқанын хабарлаған еді.


Жоғары қарай