Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Коронавирус: Қазақстанда 10-науқас тіркелді

2020 жылдың 16 наурыз 2020 19:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус жұқтырған 10-науқас тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп «Еуразия 1» арнасында тікелей эфир кезінде айтты.

Диас Ахметшәріптің айтуынша, 1986 жылғы әйел 15 наурызда Ыстанбұл қаласынан Алматыға ұшып келген.

Қазір Қазақстанда эпидемияға қарсы барлық қажетті шара атқарылып жатыр. Соның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекциялық іс-шара бар.

- карантинге жатқызу үшін төсек орындары әзірленген;

- медициналық препараттар мен дезинфекциялық құралдар қоры жеткілікті;

- медициналық персонал толық дайын;

- сұрақ туған жағдайда, 1406 нөміріне call орталыққа хабарласу керек.

Еске салсақ, бұған дейін коронавирус жұқтырғандар саны 9 адамға жеткенін хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, Қазақстанда Төтенше жағдай жарияланып, азаматтардың 15 сәуірге дейін ел аумағынан шығуына тыйым салынды. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына үндеу жолдады.


Басты сөздер: Коронавирус,
Жоғары қарай