Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Қазақстан қонақүйлерінде 17 мың резервтік төсек-орын дайын тұр

2021 жылдың 28 шілде 2021 21:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният қонақ үйлерден коронавирустан емдейтін госпиталь ашу шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта 46 745 төсек-орын дайын тұр. Резервтік 17 мың орынды қонақүйлерде әзірлеп отырмыз. Бұл өте аз, Нұр-Сұлтанды алсақ, бұл қалада Ramada Plaza-ны кеңейтеміз. Онда 200 төсек-орын болған еді, жаппай қабылдау болған жағдайда қосымша 100 төсек қосамыз, оған негізінен орташа науқастар түседі. Қазір басқа аурулармен ауыратын науқастарға шұғыл және жоспарлы көмек көрсететін ауруханаларға тиіспеу үшін орташа-ауыр науқастарға осындай медициналық емес нысандарды дайындап жатырмыз», - деп түсіндірді Ажар Ғиният Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, Алматыда ковидтік госпитальдар «Алматы Аренада» орналасқан.

«Алматы қонақүйлерінен госпиталь ашудың қажеттілігі жоқ. «Алматы арена» кешені өзінің тиімділігін көрсетті. Кем дегенде науқастар бақылауда болды және қарқынды палата деп аталатын сегіз реанимациялық төсек бар. Медициналық емес ұйымдар халықтың тығыздығы өте жоғары жерлерде ашылады. Әзірге басқа аймақтар қолда бар төсек-орынмен жұмыс істеуде. Бүгінгі таңда республика бойынша төсек-орындар 53 пайызды, реанимациялық төсек орындары 43 пайызды құрайды», - деді Ажар Ғиният.


Жоғары қарай