Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Қазақстан қайтадан «қызыл» аймаққа кірді

2021 жылдың 19 мамыр 2021 10:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Коронавирус жағдайына қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

19 мамырдағы жағдай бойынша, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе облыстары тұр.

«Сары» аймақта Маңғыстау, Алматы, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

«Жасыл» аймаққа Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары енді.

Жалпы Қазақстан қайтадан «қызыл» аймаққа кірді.

Айта кетсек, кешегі мәлімет бойынша Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймақта тұрған еді.



Басты сөздер: Коронавирус,
Жоғары қарай