Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Қарағанды облысы «қызыл» аймақтан шықты

2021 жылдың 9 маусым 2021 08:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 9 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оған сәйкес:

- «Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы;

- «Сары» аймақта: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстары;

- «Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары орналасқан.

Еске салайық, 8 маусым күні «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысы орналасқан болатын.






Жоғары қарай