Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Коронавирус: Ирландия карантинді әлсіретудің 4-ші кезеңіне өтпейтін болды

2020 жылдың 16 шілде 2020 12:45

ДУБЛИН. ҚазАқпарат – Ирландия республикасы COVID-19 вирусының таралу қаупіне байланысты енгізілген карантинді әлсірету жөніндегі жол картасының 4-ші кезеңіне өтпеу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ҚазАқпарат BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ирландияның Министрлер кабинеті COVID-19 індетінің таралуына бағытталған қазіргі шаралар өз күшінде қалуы тиіс екенімен келісіп, ал Ирландия республикасы әзірге жол картасының 4-ші кезеңіне өтпейтіні туралы шешім қабылдады.

Елдің премьер-министрі Микал Мартин өз әріптестерімен кездескен соң сәрсенбі күні кешке сөз сөйледі.

Премьер ел тұрғындарына сапарға шығудан бас тартуға кеңес берді. Тұрғындар барлық дүкендер, сауда орындары мен сауда орталықтарында маска тағып, сондай-ақ 2 метр қашықтықты сақтауға міндетті. Бөлшек сауда қызметкерлері де қорғаныш маскаларын тағуы тиіс. Елдегі паб, бар, түнгі клубтар мен казинолар 10 тамызға дейін жабық болады.

Еске сала кетейік, карантинді әлсірету бойынша жол картасының 4-ші кезеңі дүйсенбі күні күшіне енуі тиіс болған. Ғимараттарда 50 адамнан, ал далада 200 адамнан көп жиналмау бойынша шектеулер ағымдағы жылдың 10 тамызына дейін жалғасады.

Ирландия карантинді әлсіретудің жаңа кезеңіне өтпеу туралы шешімді республикада COVID-19 вирусымен байланысты тағы екі өлімнің тіркелуіне байланысты қабылдады. Осылайша, қазіргі кезде елде індеттен көз жұмғандар саны 1748 адамды құрап отыр.

Бұдан басқа, елде коронавирусқа шалдығудың он төрт оқиғасы тіркелген. Расталған оқиғалар саны 25683-ге жетті.


Басты сөздер: Коронавирус, Әлем, Медицина,
Жоғары қарай