Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Коронавирус инфекциясына шалдыққан 225 адамның жағдайы ауыр

2021 жылдың 27 желтоқсан 2021 08:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққан 225 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 27 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 17 619 адам коронавирус инфекциясынан (–15 533+ және 2 086 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 2 813 пациент стационарда жатыр, 14 806 науқас амбулаторияда емделіп жүр», делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 225 адамның жағдайы ауыр, 71 пациенттің жағдайы өте ауыр, 53 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


Басты сөздер: Коронавирус, Суицид, Медицина,
Жоғары қарай