Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Коронавирус індеті Қазақстанда шарықтау шегіне жетті - ҚР ДСМ

2020 жылдың 15 сәуір 2020 20:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан коронавирус инфекциясын жұқтырудың шарықтау шегіне жеттік. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз коронавирус инфекциясын жұқтырудың шарықтау шегіне жеттік. Яғни, қазір елімізде 100 мың адамға 7 науқастан келеді. Осыған байланысты, карантиннен бөлек, елді мекендерде жұмысын тоқтатпаған, инфекция жұқтыру қаупі жоғары адамдарға ауқымды тексеру басталды. Бұл тестілеу 10 сәуірден 20 сәуірге дейін белсенді түрде жүргізіледі», - деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, аурудың таралуына байланысты, медициналық қызметкерлер эпидемияға қарсы күшейтілген режимге ауысты.

«Әрбір пациентті ықтимал науқас деп қараған жөн, сондықтан медициналық қызметкерлер қорғаныс бұйымдарын қолдануы міндетті. Одан бөлек, провизорлық стационарға да жұқпалы аурулар ауруханасының талаптары қойылады: міндетті түрде бейнебақылау, желдету жүйесі болуы керек, палаталарды толтыру циклы сақталғаны жөн. Әрбір ауысым екінші ауысымнан оқшаулануы қажет. Ең бастысы - медициналық ұйым басшылары қызметкерлерді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етуге міндетті», - деді Л. Ақтаева.


Жоғары қарай