Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Грузияда балалар арасында инфекция өршіп тұр

2021 жылдың 12 қазан 2021 09:15

ТБИЛИСИ. ГРУЗИЯ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ–ҚазАқпарат – Грузияда жасөспірімдер арасында коронавирустың өрши бастағаны айтылуда. Бұл, сыныптар мен мектепалды білім беру мекемелеріндегі оқу процесінің басталуымен байланыстырылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Грузия Жаңалықтары» агенттігіне сілтеме жасап.

«Індетке шалдығу жағдайлары мектептер мен балабақшалар ашылған соң көбейді. Бұл, әсіресе соңғы бірнеше күн бойы сезілуде. Қазіргі кезде емхана науқастарға толы. Біз бос орындарды қалдыруға барынша тырысудамыз», - деп мәлімдеді «Имеди» телеарнасына Цицишвили атындағы балалар емханасының директоры Давид Рехвиашвили.

Қазіргі кезде Цицишвили емханасында 150-ге жуық пациент – жасөспірімдер мен олардың ата-аналары ем алуда. Бұл ретте 23 бала жансақтау бөлімінде жатыр.

Тбилисиде коронавирус салдарынан 12 күннің ішінде 55 балабақша жабылған. Жеті мектеп пен 90 жеке сынып қашықтан оқыту форматына ауысты.

Кахети аймағында күрделі эпидемиологиялық жағдай байқалуда. Коронавирустың таралуы салдарынан 7 мектеп онлайн білім беруге көшті, 39 балабақша және тағы бес топ жабылды. Соның ішінде 11 сынып пен 15 балабақша Телави қаласында.

Тбилисиде өткен тәулікте індетке шалдығудың 465 жаңа оқиғасы, ал Кахетиде – 294 оқиға тіркелген.


Жоғары қарай