Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Коронавирус: «Франкфурт-Алматы» рейсінде қай елдердің азаматтары болды

2020 жылдың 13 наурыз 2020 18:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған жолаушы анықталған «Франкфурт-Алматы» рейсінде қай елдердің азаматтары болғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Франкфурт-Алматы» әуе бағдары тұрақты рейс болып саналады және жолаушылар ортақ терминал арқылы шықты. Біз 73 жолаушыны анықтадық, оның 41-і Қазақстан азаматы, ал қалғандары басқа елдердің тұрғындары. Атап айқанда, ең көбісі Германия азаматтары болса, 16-сы басқа елдердің азаматтары», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус инфекциясын жұқтырған Қазақстанның екі азаматы Германиядан келгенін мәлім етті.

Сонымен қатар коронавирус жұқтырған Қазақстан азаматтарымен бір бортта болған жолаушылар карантинге жатқызылатыны айтылды.

«Екеуі де Қазақстанға ұшақпен ұшып келген. Бортта коронавирусты жұқтырғандармен бірге болғандардың бәрі де карантинге жатқызылады. Яғни, 9 наурызда бірге ұшқан 73 адамның кім екені анықталды. Олар бақылауда. Қайда екенін білеміз. Карантинге жатқызу шараларына кірістік. Олар ауру адамдар емес», - деді Е. Біртанов.


Жоғары қарай