Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Елордада демалыс күндері сауда орталықтары жұмыс істемейді

2021 жылдың 22 маусым 2021 16:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР аумағында коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысында Нұр-Сұлтан қаласында карантинді күшейту жөніндегі ұсыныс қолдау тапты.

Атап айтқанда, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып, жұмыс күндері сағат 17:00-ге дейін азық-түлік емес тауарларды сататын сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда орталықтарының, сауда желілерінің жұмыс режимін шектеу (осы объектілерде COVID-19-ға қарсы жаппай вакциналау пункттерінің орналасуына қарамастан);

сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып, сағат 7.00-20.00 аралығында ғимарат ішіндегі қоғамдық тамақтану объектілерінің (мейрамханалар, дәмханалар, барлар, асханалар) жұмысын шектеу, ашық ауада сағат 7.00-22.00 аралығында шектеу («Ashyq» жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда»);

жабық азық-түліктік емес базарлардың жұмысын демалыс күндері жұмыс істеуге тыйым сала отырып, сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін шектеу (осы объектілерде COVID-19-ға қарсы жаппай вакциналау пункттерінің орналасуына қарамастан); санитарлық талаптарды сақтай отырып, 100 адамнан асса, ашық ауада жаппай іс-шаралар өткізуге тыйым салу (діни, спорттық және т.б.)

Сонымен қатар Е. Тоғжанов орталық мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге штаммның жоғары контагиоздылығын ескере отырып, «Дельта» штамының таралуының алдын алу бойынша барлық шараларды қабылдауды тапсырды.
Еске салсақ, елордада коронавирустың үнді штаммы анықталды.



Жоғары қарай