Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Елорда стационарларында науқастар саны 10 есеге азайды

2020 жылдың 12 тамыз 2020 19:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов ЖРВИ кезеңі мен коронавирустың жаңа толқынына қаланың дайындығы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Медициналық инфрақұрылымға тоқталсақ, санитар дәрігерлер болжамына әрі халықаралық тәжірибеге сәйкес, күздегі ЖРВИ кезеңінде айрықша сақ болу керек. Себебі ЖРВИ кезеңі COVID-19 вирусының таралуымен ушығып кетпеуі қажет. Бұл, енді қоғамның әрбір мүшесінің тәртібіне байланысты», - деді елорда әкімі «Astana» телеарнасына берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол қаладағы денсаулық сақтау нысандарына қажетті құралдар мен аппараттар сатып алынғанын жеткізді.

«Осының барлығы біздің дәрігерлер мен барша медициналық инфрақұрылым ЖРВИ маусымына дайын болуы керектігін көрсетіп отыр. Карантиндік шаралар індеттің таралуын айтарлықтай төмендетті, стационарлардағы пациенттер саны 10 есеге жуық азайды», - деді әкім.

Оның айтуынша, індеттің таралуы деңгейі жоғары кезеңде стационарларда бір мезгілде 4 мыңнан астам адам болды. Қазіргі кезде 380-ге жуық адам бар. Пневмониямен ауырғандар саны 12 есеге азайды.


Жоғары қарай