Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Черногорияда елге кіру үшін қойылатын талап күшейтілді

2021 жылдың 15 қыркүйек 2021 01:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Францияда Денсаулық сақтау министрлігі ғимаратының жанында дәрігерлердің міндетті вакцинациясына қарсы наразылықтар өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Наразылық білдірушілер ауруханалардың жабылуына және аурухана төсектерінің қысқаруына наразы. Француздар бір аптадан бері наразылық білдіруде. Бұған дейін азаматтар вакцинация паспорттарына қарсы көшеге шыққан болатын.

Черногорияда елге кіру ережелері күшейтілді. 14 қыркүйектен бастап елге толық вакцинациядан кейін екі аптадан кейін немесе 72 сағаттан ерте емес ПТР-тест болған кезде кіре аласыз. Елге кіру үшін антигендерге арналған тест 48 сағаттан ерте жасалмауы керек.


Басты сөздер: Әлем, Коронавирус, Денсаулық,
Жоғары қарай