Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Черногорияда «дельта» штамын жұқтырушылар саны артып, карантин күшейді

2021 жылдың 21 тамыз 2021 10:17

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Черногория ПТР тесті және вакцинация сертификатынсыз туристерді демалыс орындарына кіргізбейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

Елге кіру ережелерін қатаңдату коронавирустың «дельта» штаммының таралуына байланысты. COVID-19 тестінің теріс нәтижесі, вакцинацияның немесе коронавируспен ауырғанын растаудың міндетті болуы туралы талап 10 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Қазіргі уақытта Ресейден және бірқатар басқа мемлекеттерден келген туристер Черногорияға ешқандай шектеусіз кіре алады.

Джакарта коронавирусқа қарсы вакцинаның 7,5 миллион дозасын алды. Нидерланды 450 мың доза AstraZeneca вакцинасын жіберсе, Pfizer компаниясы 1,5 миллион доза бөлген. Индонезия сонымен қатар Sinovac және AstraZeneca компанияларынан коронавирусқа қарсы вакцина алады. Sinovac 5 миллион доза жіберсе, ал AstraZeneca — 567 мың доза жөнелткен. Тамыз айының басынан бері елге 22 792 480 доза вакцина келіп түсті. Ел билігі экономикалық өсудің кілті вакцинация және коронавирусты жұқтыру жағдайларын болдырмау екенін айтты.


Басты сөздер: Денсаулық, Әлем, Коронавирус,
Жоғары қарай