Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Коронавирус: БҚО-да жеке мәліметтердің таралуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

2020 жылдың 29 наурыз 2020 23:08

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда коронавирус жұқтырған әйелге қатысты жеке мәліметтердің таралуына байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков мәлім еткендей, қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оралдық әйел Атырауға жұмыс бабымен барып қайтқан. 28 наурыз күні ауру белгілері байқалған соң медициналық көмекке жүгінген. Ол алдымен бұрынғы «Кумыска» санаторийіндегі провизорлық госпитальда болған. Коронавирус анықталғаннан кейін Оралдағы жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілген.

WhatsApp әлеуметтік желісінде оның жеке деректері, соның ішінде мекенжайы туралы мәлімет таралып кеткен.

«Бұл заңсыз іс-әрекеттер ҚР ҚК 147-бабы 5-бөлігін (жеке өмiрге қол сұғылмаушылықты және Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұзу) бұзу болып табылады. Бұл бап бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Аталған дерек бойынша Орал қаласы полиция басқармасы тергеу амалдарын жүргізуде. Кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады», - деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да коронавирус жұқтырған әйелдің біреуі Саратовтан, екіншісі Атыраудан келгенін жазған болатынбыз. Олар - Орал және Ақсай қалаларының тұрғындары. Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқанов мәлім еткеніндей, Ақсай қаласының көшелері мен қоғамдық орындарда қажетті дезинфекциялау шаралары жүргізілуде.


Жоғары қарай