Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Атырауда мұғалімдер дәрігерлерге арнап сурет салды

2020 жылдың 22 наурыз 2020 16:10

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясының мұғалімдері коронавируспен ауырғандарды емдеп жатқан қазақстандық дәрігерлерді қолдап, білім ұясының қабырғасына сурет салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің виртуальды қолдау көрсетуімізге 13 жастағы Раида есімді оқушының Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа жазған хаты себеп болды. Өзінің бірінші мүшел жасына толған туған күнінде жанында анасының болмағанына қынжылды. Өйткені, дәрігер болып жұмыс істейтін анасы коронавируспен ауырғандарды емдеуде.

Оқушы қыз министрден адамдардың ауырмауы үшін, анасының тезірек үйіне оралуы үшін бар мүмкіндікті жасауды өтінді. Бұл бізге де ой салды. Академия қабырғасына медициналық маска мен қолғап киген дәрігердің суретін салдық. Осылайша, коронавирус ошағында өз өмірін тәуекелге тігіп, сырқаттарды күні-түні емдеп жатқан қазақстандық дәрігерлерді қолдағымыз келді. Біз олардың лайықты еңбегіне құрметімізді осылай білдірдік» -деді Н.Тілендиев атындағы кіші өнер академиясы сурет пәнінің мұғалімі Мейірбек Бақтияр.


Жоғары қарай