Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Алматыда жаңа модульдік аурухананың құрылысы басталды

2020 жылдың 10 тамыз 2020 11:39

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирусқа шалдыққан науқастарды емдеуге арналған жаңа модульдік аурухананың құрылысы басталды. Бұл туралы Іnstagram-парақшасында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«COVID-19-ға қарсы іс-қимыл, шаралар аясында орын санын арттырып, қуаттылықты күшейтуді жалғастырамыз. Бұл ретте 300 төсек-орынға арналған (оның 30-ы реанимациялық) екінші модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы басталды. Медициналық мекеме медициналық газ жүйесімен, сондай-ақ КТ, УДЗ және рентген аппараттарымен қамтамасыз етілмек», - деді әкім.







Б.Сағынтаевтың айтуынша, госпиталь толығымен цифрлық негізде, яғни тексеру - байланыссыз әдіспен, ал бақылау бейнебайланыс арқылы жүргізіледі. Автоматтандырылған жүйе науқастың жағдайын жедел бақылауға, сондай-ақ «жасыл» және «қызыл» аймақтар бойынша қызметкерлердің қозғалысын бақылауға мүмкіндік береді.

Айта кету керек, бұл Алматыдағы екінші госпиталь болмақ. Біріншісі 18 күнде салынып, 24 сәуірде пайдалануға берілген болатын.











Жоғары қарай