Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Алматы облысында сырқат адамдар саны төмендеді

2021 жылдың 14 қыркүйек 2021 15:38

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Алматы облысының инфекциялық стационарларында 30 790 адам емделді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тамыз айында – ауру шарықтаған кезде - стационарларда 7 599 пациент емделді. 12 қыркүйектегі жағдай бойынша 6510 адам стационарлық ем алды.

Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұмановтың айтуынша, қыркүйектің бірінші аптасында ауруханаға жатқызылғандар санының төмендеу үрдісі байқалады. «Облыстағы 17 аурухана оттегі станцияларымен қамтамасыз етілген, 45% төсек-орын оксигенотерапиямен қамтылған. Өткен жылдан бастап Талдықорған көпсалалы ауруханасының базасында коронавирустық пневмонияны ерте сатыда анықтау үшін жаңа цифрлық кіші жүйе енгізілді. Бұл МЖӘ аясында жүзеге асырылатын бірегей жоба. Өкпе мен сүт безінің қатерлі ісігін ерте сатыда анықтауға арналған, бірақ қазір осы жүйе арқылы пневмонияны анықтап жатырмыз»,- деді Б. Байжұманов.

Жыл басынан бері жасанды интеллект арқылы 134 мың пациенттен ауру жағдайлары анықталды, оның ішінде кейбірінде КВИ белгілері де бар. Сондай-ақ, төрт облыстық ахуалдық орталықтың дәрігерлері күн сайын ауыр науқастар бойынша бейне кеңес жүргізеді. Бұл орталықтар шалғай аудандарға арналған. Телемедицина арқылы тар шеңберлі мамандар шалғай аудандардағы ауыр науқастарға кеңес береді.

Облыста 15 зертхана жұмыс істейді, оларда 1 қыркүйектен бастап 400 мың ПТР-зерттеу жүргізілді, 3 569 КВИ жағдайы анықталды», – деп толықтырды ол. Жалпы, пандемия кезеңінде облыста 1 млн-ға жуық тест өткізілді.


Жоғары қарай