Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Коронавирус: Әлемдік қор нарығы құлдырады

2020 жылдың 16 наурыз 2020 23:10

ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Дүниежүзі бойынша орталық банктер коронавирустың әсерін азайту бойынша келісілген күш-жігерді жариялағанына қарамастан, әлемдік қор нарығы құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Лондон қор бирдасының FTSE 100 индексі сауданың бастапқы кезіне қарағанда 7% түсіп кетті. Оның алдында Азияда күрт төмендеп жабылған.

Жексенбіде АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі пайыздық мөлшерлемені нөлге дейін төмендетіп, еуроаймақ, Ұлыбритания, Жапония, Канада және Швейцариямен келісілген іс-шаралар аясында 700 млрд. доллар көлемінде ынталандыру бағдарламасын іске қосты. Алайда, инвесторлар орталық банктерде коронавирустың әсерін шешудің мүмкіндігі аз деп алаңдайды. Лондонда авиакомпаниялардың акциялары ең үлкен құлдырауды бастан кешуде.

British Airways әуекомпаниясына иелік ететін IAG (International Airlines Group) акциялары компания ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында өткізу қабілеттілігін кем дегенде 75% -ға төмендеткенін жариялағаннан кейін 20% -дан астамға төмендеді. EasyJet акциялары әуе компаниясы көптеген рейстердің ықтимал төмендеуі туралы жариялағаннан кейін шамамен 30% -ға төмендеді. Франциялық

САС 40 9%-дан астам құлдыраса, немістердің DАХ индексі 8%-дан астам құлдырады.

Жексенбіде АҚШ-тың орталық банкі Федералды резервтік банк пайыздық ставкаларды 100 базистік пунктке 0% -дан 0,25% деңгейіне дейін түсіріп, алдағы апталарда нарықты қолдау үшін кем дегенде 700 млрд. доллар ұсынатынын мәлімдеді.

Баспасөз-конференцияда сөз алған Федералды резервтік жүйенің басшысы Джером Пауэлл «Вирус экономикаға өте қатты әсер етуде» деді.

Инвесторлар дүниежүзілік экономикалық климат нашарлай берсе, әлемдегі ең ірі орталық банктерде коронавирустың әсерін жеңуге қаражат жетіспеуі мүмкін деп қорқады.

ФРЖ-мен қатар тағы бес орталық банк - Англия банкі, Еуропалық орталық банк, Жапония банкі, Канада банкі және Швейцария Ұлттық банкі өздерінің қаржы институттарына доллармен қамтамасыз етуді жеңілдету шараларын жариялады. Бұл шара банктер мен компаниялар соңғы бірнеше аптада құны өскен АҚШ доллары үшін төлейтін бағаны төмендетуге арналған.


Жоғары қарай