Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Әлемдегі эпидемиологиялық жағдай қандай

2021 жылдың 20 ақпан 2021 12:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирустың таралуына қарсы ведомствоаралық комиссия әлемдегі эпидемиологиялық ахуалға шолу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Роберт Кох институтының мәліметінше, Германияда соңғы тәулікте коронавирус инфекциясының 9 164 жаңа жағдайы тіркелген, 490 адам қайтыс болған.

Соңғы 7 күнде 100 мың адамға шаққанда 57,8 жұқтыру жағдайы тіркелген.

Ел билігі эпидемияға қарсы қатаң шаралардың әлсіреуі бұл көрсеткіштің 35 жағдайға дейін төмендеуі мүмкін екендігін хабарлады.

2020 жылдың 2 желтоқсанында аталған көрсеткіш ең жоғары мәнге -197,6 жеткен болатын.

Ирландияда коронавирустың бразилиялық нұсқасын үш адамда тіркелді.

Елдің денсаулық сақтау министрлігі жұқтырғандардың үшеуі де жақын арада Бразилиядан оралғандықтарын хабарлады.

Эпидемия басталғаннан бері 5 миллионға жуық тұрғыны бар мемлекетте 213,4 мың індетті жұқтырса, 4 109 адам қайтыс болған.

Дүниежүзілік банк наурыз айының соңына дейін ең кедей 12 елге, атап айтқанда Бангладеш, Тунис және Эфиопияға вакцина сатып алуға 1,6 миллиард доллар бөлуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

Банк президенті Дэвид Малпасс келесі қадамда тағы 30 кедей елге қолдау көрсететіндіктерін мәлімдеді.

Коронавирус жұқтырудың бір де бір жағдайын растамаған Түрікменстанда «Спутник V» препаратымен халықты вакцинациялау науқаны басталды.

18 жасқа толған азаматтар аудандық емханаларға егілуге жазыла алады.

Ашхабад тұрғындарының үйінің кіреберісінде COVID-19 қарсы вакцинация басталғаны туралы хабарландырулар іліне басталған.

Елде «жұқтыру жағдайларының болмауына» қарамастан, бетперде режимі енгізілген, шетелдік әуе қатынасы, жолаушылар пойыздары мен қалааралық автобус қозғалысы тоқтатылған, мешіттер, сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану орындары, мәдениет және тұрмыстық қызмет көрсету салалары жабылған.

АҚШ президенті Джо Байден американдықтарды коронавирусқа қарсы екпе алуға шақырды.

«Вакцина қауіпсіз, - деді ол. – Мүмкіндік туа салысымен екпе жасатыңыз. Бұл пандемияны тек осылай ғана жеңеміз».

Президент бұл дағдарыстың аяқталатын күнін айта алмайтынын жеткізді.

«Бірақ бұл күнді жақындату үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз»- деді Байден.


Жоғары қарай