Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Ақтөбе облысына тағы 4 мың доза вакцина жеткізіледі

2021 жылдың 2 наурыз 2021 22:08

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Наурыз айында Ақтөбеге тағы 4100 доза вакцина жеткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен тәулікте өңірде 5 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.

Ақтөбе қаласы мен Хромтау ауданының тұрғындары дерттің симптомды түріне шалдыққан.

Ауру көрсеткішінің өсу деңгейі - 0,1%.

Бүгінге дейін өңірде 4273 жағдай тіркелсе, оның 94 пайызы жазылды.

Қазіргі кезде үй карантиніне 700-ден астам адам бар.

Олар екі апта бақылауда болады.

Әкімдікте өткен ж иында облыс әкімінің бірінші орынбасары иммундау жұмысына тоқталды.

«Өңірде 480 медицина қызметкері «Спутник V» екпесінің екінші дозасын қабылдады. Наурыз айының басында тағы 4100 доза әкелінеді деп күтіліп отыр. 24 медициналық ұйымда екпені сақтайтын 41 мұздатқыш бар. Тағы 11 мұздатқыш камера алынады. Екпені тасымалдайтын 61 термоконтейнер бар. Қосымша 74 термоконтейнер алынады»,- деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауов.

Өңірдегі мониторинг топтары 10 мыңнан астам тексеру жүргізді.

Нәтижесінде 2 мыңға жуық адам әкімшілік жауапқа тартылып, 188 млн теңге айыппұл салынды.


Жоғары қарай