Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Коронавирус: Ақмола облысында қосымша 5 мыңға дейін төсек-орын дайындалады

2020 жылдың 8 шілде 2020 13:06

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында стационарлық 5 мыңға дейін төсек-орын әзірленеді. Бұл туралы өңірде өткен брифинг барысында облыс әкімі Ермек Маржықбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде ауруханаға жатқызу медициналық көрсеткіштер бойынша, қолданыстағы емдеу хаттамасына сай жүргізіледі. Егер симптомсыз науқас болса немесе онда аурудың жеңіл не орташа түрі болса үйінде қалады. Бүгінде аурудың жеңіл түрімен ауырғандардың ішінен үйде амбулаторлық ем алуға мүмкіндік болғанымен, ауруханаға жатқызылғандар санының көптігінен дүрбелең туындап отыр. Қазіргі уақытта олар біреулердің орнын алуы да мүмкін. Төсек-орынға қатысты динамика болады, 1 тамызға дейін 5 мыңға дейін орын құрамыз», - деді ол.

Оның атап өтуінше, өңірге өкпені жасанды желдету аппараты мен компьютерлік томография қосымша сатып алынады. Қазіргі уақытта келісімшарт жасалған.

«Бүгінде бізге өкпені жасанды желдететін тағы 71 аппарат сатып алу қажет. Біз портативті 17 аппарат сатып алуға келісімшарт жасадық. Компьютерлік томография қазіргі уақытта 6 медициналық ұйымда жұмыс істеп тұр. Бұл аппарат науқастың жай-күйін анықтау үшін өте қажет. Сондықтан мұндай тағы бір аппарат сатып алу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бүгінде қатаң карантин шаралары өмірлік қажеттілікке айналып отыр. Шектеулерге қарамастан облыста қоғамдық моншалар, ірі дүкендер жұмыс істеуін жалғастырып, адамдар отбасылық той-томалақтар - үйлену тойы, еске алу шараларын өткізіп жатыр», - деді Ермек Маржықбаев.


Жоғары қарай