Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Коронавирус: Абаев қазақстандықтарды дүрбелеңге салынбауға шақырды

2020 жылдың 19 наурыз 2020 21:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев қазақстандықтарды коронавирус инфекциясының таралуына қатысты дүрбелеңге салынбауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Халықтың реакциясы түсінікті, бұл жағдайда қорқыныштың болуы қалыпты, онда кінәлайтындай және ұятты ештеңе жоқ. Бірақ, қорқыныштың әртүрлі болатынын түсіну керек. Қазір сіз бен біз үрейден арылуға тиіспіз. Өйткені қорқыныш мәселеге байыпты және нақты қарауға мүмкіндік бермейді», - деді ведомство басшысы «Хабар» телеарнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында.

Министр қорқынышты жеңу - бұл бөрікті аспанға лақтырып, жалған батылдықты көрсету еместігін атап өтті.

«Бүгінгі таңда қазақстандықтардан қандай да бір қаһармандықты ешкім талап етпейді. Бар болғаны қарапайым қағидаларды ұстану керек. Бұл ережелер еш қиын емес және оны барлығы жақсы біледі», - деді Д. Абаев.


Жоғары қарай