Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Коронавирус: 21 науқас ауыр халде жатыр

2020 жылдың 15 сәуір 2020 20:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 21 науқас ауыр халде жатыр, деп хабарлайды CORONAVIRUS2020.KZ Телеграм каналы.

«ҚР жұқпалы аурулар стационарларында 1034 адам емделіп жатыр. 21 науқастың жағдайы ауыр, 169-ының денсаулығы орташа ауыр деңгейде, 1 пациент қанды оттегімен қанықтыру аппаратына қосылған» деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева.

Жағдайы ауыр пациенттердің ішінде:

9 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған;

6 науқас өкпені маскалы желдету аппаратына қосылған,

7 науқас оттегіні жалғау арқылы өздігінен тыныс алып жатыр.

Жүргізілген емдеу шараларының нәтижесінде 5 науқас ӨЖЖ аппаратынан өз бетімен тыныс алуға ауыстырылды және жағдайы жақсарған 18 пациент реанимациядан бейінді бөлімдерге ауыстырылды.


Жоғары қарай