Ауа райы
Астана -15 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қорғаушылардың сұрауымен судья Күлекбаевты сот залына кіргізіп, тәртіпті қайта түсіндірді

2016 жылдың 25 қазан 2016 11:57

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қанды теракт ұйымдастырған Руслан Күлекбаев басты сот отырысында сот тәртібіне бағынбағандықтан сот залынан қуылған болатын. Алайда, Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ерлан Болатов қорғаушылардың сұрауымен оны қайтадан сот залына кіргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз ҚР ҚПК 346 бабында көрсетілген заң талаптарына сәйкес, сізді тәртіп сақтамағаныңыз үшін сот залынан шығарып жібердік. Қазір қорғаушылардың талап-тілегі бойынша қайта сот залына шақыртып отырмыз. Барлық сұрақтарға тұрып жауап бересіз. Егер денсаулығыңызға байланысты тұра алмайтын болсаңыз, оны да айтып ұсыныс жасаңыз, сосын біз оны қарастымрамыз, ол заң талабы», - деді судья Ерлан Болатов.

Жоғары қарай