Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Кореяда COVID-19 жұқтырғандар саны үш күн қатарынан 240 мыңнан асты

2022 жылдың 7 наурыз 2022 00:51

СЕУЛ. YONHAP-ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяда өте жұқпалы омикрон штамының тез таралуы салдарынан күнделікті коронавирус жұқтырғандар саны үшінші күн қатарынан 240 мыңнан жоғары болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

Кореяның Ауруларды бақылау және алдын алу агенттігінің (KDCA) мәліметтері бойынша, елде коронавирусқа шалдығудың 243 628 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде жергілікті -243 540, жалпы жағдайлардың саны 4 456 264-ке жетті.

Сенбіде COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 3 миллион болса, небәрі бес күннен соң 4 миллионнан асты. Жалпы саны осы айдың басында 1 миллион болған, деп хабарлайды KDCA.

Инфекциялардың өршуі COVID-19 өлімі мен ауыр науқастардың көбеюіне әкелді.

Елде COVID-19-дан тағы 161 өлім тіркеліп, қайтыс болғандар саны 8,957-ге жетті.

Денсаулық сақтау органдарының айтуынша, бұл толқын наурыз айының ортасында шамамен күн сайын 350 мыңға жетеді деп күтілуде, өйткені омикрон штаммы бүкіл елде өршіп тұр.

Жексенбі күнгі жағдай бойынша 31,8 миллион адам немесе елдегі 52 миллион халықтың 62 пайызы вакцина салдырған. ҚДКА мәліметі бойынша, толық вакцинацияланғандар саны 44,39 миллион адамды немесе 86,5 пайызды құрады.


Жоғары қарай