Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Кореяда бірнеше жұмысшыны топырақ басып қалған

2022 жылдың 30 қаңтар 2022 02:13

ЯНДЖУ. YONHAP-ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяда құтқарушылар сенбі күні карьердегі топырақ көшкіні астында қалған жұмысшылардың екеуінің денесін тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат YONHAP агенттігіне сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілер із-түзсіз жоғалған жұмысшыларды іздеу жұмыстарын жалғастыруда.

Билік өкілдерінің хабарлауынша, апат таңғы сағат 10:08-де Кёнги провинциясының Янджу қаласындағы карьерді бұзу үшін шұңқырлар қазып жатқан кезде болған.

Топырақ көшкіні астында қалғандарды іздеуге 50 өрт сөндіруші, 20 техника мен бір құтқарушы ит жұмылдырылды. Бірақ биіктігі 20 метрге жететін топырақтың көптігі олардың жұмыстарына кедергі келтіруде.

Бұдан бұрын таңертең сағат 16:25-те 28 жастағы, оның артынша 55 жастағы тағы бір жұмысшының мәйіті табылған еді.

Билік орындары құтқару жұмыстарына қосымша экскаваторлар жұмылдырылатынын мәлім етті.

Карьер құрылыс материалдарын өндіруші Sampyo компаниясының иелігінде.

Елдің премьер-министрі Ким Бу Гум шенеуніктерге көшкін астында қалған жұмысшыларды құтқару үшін қолдан келгеннің бәрін жасауды бұйырды.


Басты сөздер: Әлем, Оқиға, Оңтүстік Корея,
Жоғары қарай