Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Корея елшілігі ана мен бала үйіне тұрмыстық техника сыйлады

2021 жылдың 30 қыркүйек 2021 21:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кореяның құрылған күні құрметінде Қазақстандағы Корея Республикасының Елшілігі «Friends of Korea» студенттік клубтар қауымдастығымен бірлесіп «Қорғау» қорына көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шара аясында Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ку Хонг-сок және «Friends of Korea» тобы «Қорғау» қорына жалпы сомасы 3 500 АҚШ доллары болатын тұрмыстық техника тарту етті.

Елші Ку Хонг-сок «Қорғау» қорының жетекшісі Анна Рыльге 10 жыл бойы қиын жағдайға тап болған әйелдер мен балаларға арналған баспананы басқарудағы табанды еңбегі үшін ризашылығын білдірді.

«Қазақстан мен Корея – жақын дос мемлекеттер, қос ел бір-бірін қолдай отырып, пандемияның осы ұзаққа созылған қиын кезеңін еңсеріп келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тамыз айында Кореяға жасаған мемлекеттік сапарынан кейін екі ел арасындағы достық қатынастар одан әрі нығая түсті. Корей халқының жан жылуы осы баспананың барлық тұрғындарына беріліп, алдағы қыста жылу сыйлайды деп үміттенемін», - деді елші.




«Бүгінгі көмек үшін үлкен алғыс айтамыз. Сіздер берген тұрмыстық техника – біздің баспана үшін ең қажет нәрсе. Сондай-ақ, сіздер берген тігін машинасы ен пеш те мұнда тұратын әйелдерге ақша табуға мүмкіндік береді», - деді Анна Рыль.

«Студенттер атынан осы шараны ұйымдастырғаны үшін елшілікке алғыс білдіргіміз келеді. Бұл қайырымдылық шарасы өте маңызды, өйткені пандемия бүкіл әлемді шарпыған қиын уақытта адамдар көмек қолын созып, бір-біріне көмектесуі керек. Осындай шаралар екі ел арасындағы өзара байланысты орнатуға, достық қарым-қатынастарды дамытуға ықпал етеді», - деді «Friends of Korea» тобының өкілі Әдия Әбдірахманова.











Жоғары қарай