Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Корей мәдени орталығы сауалнамаға қатысқан қазақстандықтарға сыйлық бермек

2021 жылдың 28 қараша 2021 16:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандағы Корей мәдени орталығы осы жылдың 19 қараша мен 3 желтоқсан арасында аталған мәдени орталыққа қатысты сауалнама өткізуде. Оған барлық қазақстандықтар қатыса алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20 сұрақтан құралған сауалнаманы Корей мәдени орталығының ресми сайтынан жүктеп, екі апта ішінде кез келген қазақстандық азамат толтыра алады. Сұрақтардың ішінде мәдени орталықтың жалпы жұмысына қатысты пікірлер мен ұсыныс айту жағы да қарастырылған.

Жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша ерекше идеялар мен ұсыныс авторына Корей мәдени орталығының 2022 жылғы іс-шараларына және курстарына қатысуға сертификаттар сый ретінде берілмек.

«Біз осы жылы Корей мәдени орталығының қызметіне қызығушылық танытқан барлық азаматтарға зор алғыс білдіреміз. 2022 жылы біз қазақстандықтар үшін барынша қызықты әрі танымдық мәдени шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Корей мәдени орталығының директоры Ли Херан.

Айта кетсек, Қазақстандағы Корея Респубикасының Елшілігі жанынан жұмыс істейтін мәдени орталық көптеген шараларға мұрындық болып келеді.


Жоғары қарай