Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Қордай» өткізу бекеті жаңғыртылады - Сағынтаев

2019 жылдың 7 ақпан 2019 11:33

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасындағы «Қордай» өткізу бекеті жаңғыртылады. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Мәжіліс депутаттарының ресми сауалына берілген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қордай» өткізу бекетін жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жаңғырту жұмыстарын бастау ағымдағы жылдың соңына қарай жоспарланған», - деді Үімет басшысы.

Сонымен қатар Премьер-Министр қазақ-қырғыз шекарасындағы қалған алты бекеттің жаңғырту жұмыстарын қажет етпейтіндігін, көлік құралдары мен жолаушылардың үздіксіз ары-бері өтуін қамтамасыз ететіндігін атап өткен.

Жоғары қарай