Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қордай оқиғасына қатысты ұсталған күдікті тергеу изоляторында қайтыс болды - Прокуратура

2020 жылдың 29 сәуір 2020 17:42

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Бас прокуратурасы Алматының тергеу изоляторында өлі күйінде табылған азаматқа қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін, 29 сәуірде, таңғы сағат 08.00-де Алматы қаласының тергеу изоляторында Қибаев Бекбол Мұхамедұлы сол жақ қолының білек тұсынан кесілген күйі дәретханадан табылған. Оны камерада бірге отырған адамдар тауып алған. Изолятордың медицина қызметкерлері бірден алғашқы медициналық көмек көрсетті. Алайда, оны құтқарып қалу мүмкін болмады. Шақырту бойынша келген жедел жәрдем бригадасы оның қайтыс болғанын тіркеді. Өлім қанды көп жоғалтудан болуы мүмкін», - делінген Бас прокуратураның ақпаратында.

Айта кетейік, Б.Қибаев Жамбыл облысы Қордай ауданында болған жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін ұсталып, тергеу изоляторына қамалған.

«Аталған факті бойынша Алматы қаласының арнайы прокурорлары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр. Орын алған жағдайға қатысты барлық мән-жайлар объективті зерттеліп, жұртшылыққа жеткізілетін болады», - деді ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.


Жоғары қарай