Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Қордай оқиғасы бойынша 25 адам ұсталды - Бас прокуратура

2020 жылдың 27 наурыз 2020 18:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін еліміздің үш өңірінде Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке белсене қатысқан 25 адам ұсталды.

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Бас Прокурорының орынбасары Ерлік Кененбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін Жамбыл облысында, Алматы және Шымкент қалаларында Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздікке белсенді қатысушыларды ұстау бойынша арнайы операция жүргізілді. Оның нәтижесінде 25 адам ұсталды. Олардың ішінде қазақтар, дүнгендер, қырғыздар бар. Оның 7-еуі бұрын сотталған. Істі тергеу жалғасуда және біздің ерекше бақылауымызда тұр. Барлық процессуалдық шешімдер заңнамаға сәйкес қатаң қабылдануда. Жиналған дәлелдемелерге тиянақты талдау жүргізіп жатырмыз. Жаппай тәртіпсіздікке қатысушылардың әрбірінің рөліне баға берілуде», - деді ол.

Осы ретте Бас прокурордың орынбасары барлық қазақстандықты қылмыстық істің тергелуі барысы жайында тек ресми дерек көздеріне сенуге шақырды.

«Әртүрлі арандатушыларға ермеулеріңізді сұраймын. Жалған мәліметтерді таратуға және жолдауға жол бермеу қажет. Сот төрелігін жүзеге асыруға және сотқа дейінгі тергеу жүргізуге кедергі жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 407-бабымен қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертемін. Бүгін толық сеніммен Қордайдағы жағдай тұрақты деп айта аламын», - деді Ерлік Кененбаев.



Жоғары қарай