Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қордай ауданы ел экономикасына елеулі үлес қосып отыр – әкімдік

2020 жылдың 29 мамыр 2020 18:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев Қордай ауданының инвестициялық тартымдылығы жөнінде әңгімеледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2020 жылдың 1 мамырында Қордай ауданы бойынша мемлекеттік бюджетке 2 млрд теңгеден астам қаражат түскен. Мұндағы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 5,6 млрд теңгені құраған немесе өткен жылмен салыстырғанда 103% артқан», - деді Ержан Жылқыбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз мәслихатында.

Спикердің айтуынша, ауданда инвестиция тарту жұмыстары да белсенді жүргізіліп келеді.

«Алдағы бес жылда – 2020-2025 жылдар аралығында жалпы сомасы 317 млрд теңгеге 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл да өз кезегінде аудан мен облыс экономикасын дамытуға, қосымша жұмыс орындарын ашуға едәуір ықпал етеді», - деді Е. Жылқыбаев.

Бұған дейін спикер ауданда зардап шеккен 65 нысанның 54-інде қалпына келтіру жұмыстары басталғанын хабарлады.

Асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты, қайтыс болған жандардың отбасыларына ай сайын орта есеппен 55 мың теңге әлеуметтік жәрдемақы тағайындалып, төленіп жатыр.

Сонымен бірге, жыл соңына дейін ауданда жол жөнделіп, газ құбыры тартылады. Жаңа мектептер мен тұрғын үйлер салынады.

Еске сала кетсек, 7 ақпан күні Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Масаншы ауылының тұрғындары арасында жаппай төбелес болды.

Оқиға орнында 8 адам, ауруханада 2 адам көз жұмды.

Жамбыл облысының Қордай ауданында ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау және нығайтуға бағытталған «Бейбітшілік пен келісім» атты жаңа жоба қол алынды.


Жоғары қарай