Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қор нарығында доллар бағасы арзандап жатыр

2021 жылдың 15 қазан 2021 11:37

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 14 қазан кешімен салыстырғанда 0,14 теңгеге құлдырап, 1 доллар 425, 63 теңге болды.
Ұлттық банктің 15 қазандағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 425, 77 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 425, 32 теңге, сатып алу – 426, 84 теңге.
Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 425,12 теңгеден болса, сатып алу құны – 426, 24 теңге.

Еске салсақ, кешегі мәлімет бойынша теңгенің 1 долларға қатысты бағамы да арзандаған болатын.



Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Қор рыногы, Экономика,
Жоғары қарай