Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қор нарығында доллар арзандады

2022 жылдың 18 мамыр 2022 16:25

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 10 тиынға арзандады. 1 доллар 432, 69 теңге болды.

Ұлттық банктің 18 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 432, 79 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 434, 53 теңге, сатып алу – 438, 72 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы 434,02 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 436,66 теңге.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: доллар, Қор рыногы, Қаржы,
Жоғары қарай