Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қор нарығында доллар 425 теңге болды

2022 жылдың 20 мамыр 2022 15:57

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындылары бойынша доллардың теңгеге шаққандағы бағамы сәл төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы доллар бағамының 6, 04 теңгеге арзандағанын көрсетті. 1 доллар 425, 02 теңге болды.

Ұлттық банктің 20 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 431, 41 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 426, 99 теңге, сатып алу – 431, 76 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 426,58 теңгеден болса, ал сатып алу құны – 429, 34 теңге.


Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Валюта, доллар, Теңге,
Жоғары қарай