Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көпвекторлы бағдарламалық құжат: Астаналықтар Президент Жолдауын талқылап жатыр

2021 жылдың 13 қыркүйек 2021 14:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қалалық және аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын талқылап, Президенттің ел алдына қойған негізгі міндеттерін атап өтті. Бұл жайында Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Талқылау Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында өтті. Ардагерлер мен зейнеткерлер еліміздің стратегиялық жоспары туралы пікір алмасты, сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау бойынша кейбір ұсыныстарын жеткізді. Жиынды орталық директоры Мұхтар Еркетаев жүргізді.




Ол Президент өз Жолдауында пандемия кезінде өңірлік саясат, медицина, экономика, саяси жаңғырту, медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігі мәселелеріне көп көңіл бөлгенін атап өтті.










«Мемлекет басшысының ең төменгі жалақыны көтеру туралы бастамасы бізді ерекше қуантты, ол түрлі салаларға әсер етеді және көптеген қазақстандықтың табысының өсуіне айтарлықтай әсер етеді, демек, ұлттың әл-ауқатының деңгейі артады. Біз Президенттің азық-түлік бағасын ұстап тұруға, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға, мемлекеттік қызметтерді онлайн форматқа ауыстыруға, жаңа мектептер салуға және азаматтардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жөніндегі басқа да нақты міндеттерін Үкімет басшылыққа алуы тиіс деп санаймыз», - деді Мұхтар Еркетаев.




Жиынға қатысушылар Президент Жолдауы – мемлекеттік аппаратты, қоғамдық процестерді, ішкі және сыртқы саясатты жан-жақты дамыту жөніндегі міндеттерді көрсететін уақтылы және көпвекторлы бағдарламалық құжат деген пікір білдірді.

Түптеп келгенде олардың бәрі қазақстандықтардың жақсы және жайлы өмір сүруіне бағытталған.

Сонымен қатар, олардың табысты және тиімді іске асырылуы әрбір қазақстандыққа байланысты.

Ардагерлер сондай-ақ, Жолдаудың негізгі қағидаларын халық арасында түсіндіру жұмысын жалғастыратынын атап өтті.

Одан бөлек, «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» қызметкерлері де Президент жолдауында айтылған басым бағыттарды, соның ішінде мәдениет саласына байланысты қозғалған тақырыптарды талқылады.

Жиынға Нұр-Сұлтан қаласындағы 18 кітапхананың мамандары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, қоғам қайраткерлері қатысты.




Жолдау жүктеген міндеттерді түгендеген мәдениет саласының қызметкерлері алдағы уақытта іске асыруға тиіс жұмыстар жайын талқылады.

Мемлекет басшысы Жолдауда 2022-2025 жылдары мәдениет қызметкерлерінің, мұрағатшылардың, кітапханашылардың, техникалық қызметкерлердің, қорықшылардың, көлік жүргізушілерінің және өзгелердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіруді тапсырды.




Еңбекақының өсуі – біздің жұмысымызға серпін береді, дейді кітапханашылар.

«Жолдауда айтылған өзекті мәселелердің бәрі біз үшін маңызды. Әсіресе, білім саласын көтеруге ерекше көңіл бөлінді. Бұл жолда біз де аянбай еңбек етіп жүрміз және білім саласының ары қарай дамуына үлес қосуға дайынбыз. Ал Президенттің жалақымызды көтергенін мәртебемізді өсіргені деп түсінеміз», - дейді «Орталықтандырылған кітапханалар» жүйесінің басшысы Гүлбадан Мадибаева.




Жиында мәдениет саласының майталмандары Жолдаудағы негізгі бағаттары бойынша пікір алмасты. Саладағы өзекті мәселелер көтерілді. Жолдауда қозғалған тақырыптар бойынша баяндама жасалды.

«Орталықтандырылған кітапханалар» жүйесінде 18 кітапхана бар. Онда барлығы 126 кітапханашы жұмыс істесе, соның 60 пайызы 25 жылдан бері еңбек етіп келеді. Қоғам қайраткері Сәдібек Түгел де мәдениет қызметкерлеріне көңіл бөлінгенін дер кезінде қабылданған шешім деп санайды.




«Бұл жолдауда мемлекеттің дамуының барлық салалары қамтылған. Әсіресе, зиялы қауымға көңіл бөлгені дұрыс болды. Енді біздің міндет – осы Жолдауда айтылған дүниелерді орындау, халыққа жеткізу. Ал кітапхана қызметкерлерінің жалақысын 20 пайызға көтергені, бұл алдымен кітапханашыларға деген құрмет. Себебі, кітапхана – руханияттың, тазалықтың ордасы. Ол - зиялы қауым мен оқырмандардың басы тоғысатын жер. Бір жағынан, бұл кітапханашыларға үлкен жауапкершілік жүктейді», - деді ол.




Іс-шара барысында кітапханашылалыр біздің негізгі мақсатымыз – жаңа жолдауды қолдай отырып, әр оқырманның жүрегіне жеткізу, сапалы ақпараттық қолдау көрсетіп, жастардың білімін жетілдіру деген пікір білдірді.




Айта кетейік, іс-шаралар санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып өткізілді.








Жоғары қарай