Ауа райы
Астана -30 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 378.86
EUR 416.78
RUB 6.06
CNY 54.62

Көпқабатты үйдің сүрілуі: Елорда әкімдігі түсініктеме берді

2019 жылдың 25 қазан 2019 16:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі құрылысы аяқталмаған «Территория комфорта-1» тұрғын үй кешенін сүру жөнінде түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Төтенше жағдайлар департаментінің техникалық тексеруі мен тұжырымдамасынан кейін «Территория комфорта-1» тұрғын үй кешені сүріліп жатыр. Бұл жұмыстар қол компрессорлары арқылы темір-бетон тақталарды бұзу әдісімен басталды. Алайда, бұл жұмыстарды атқаруда нысан қабырғасында жарықшақтар пайда болды. Қираудың алдын алып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ғимаратты аулаға қарай бағыттап сүру шешімі қабылданды», - деп жазды елорда әкімдігі баспасөз қызметінің басшысы Ақмарал Олжабаева Facebook-тегі ресми парақшасында.

Оның айтуынша, 24 қазанда тұрғын үй кешенінің алғашқы ғимараты бұзылды.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде көршілес орналасқан үй тұрғындары сүру жұмыстарының түнде жүргізілгеніне наразылық білдірді.

Үлескерлердің қатысуымен құрылысы 10 жыл бұрын басталған проблемалы үйдің сүрілетіні биылғы тамыз айында хабарланған болатын.

Жоғары қарай