Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы тым аз ба? - Вице-министр жауабы

2018 жылдың 25 маусым 2018 14:11

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова "көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы тым аз" дейтіндерге жауап берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қазір кейбір азаматтар 10 мың теңгені қайтемін, алғаным не, алмағаным не деп, өз реніштерін айтады. Бірақ ол ақшаның өмір бақи берілетінін ескеру керек. Бізде ең жас көпбалалы ана - 35 жаста. Зейнетке шыққандар да бар. Дегенмен, 35-тен жоғары санай берсек, 80 жасқа дейін 40 жыл бойы жәрдемақы алуға болады. Бір жылда он екі ай, сонда 40 жылда әжептәуір ақша беріледі", - деді С.Жақыпова ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Оның айтуынша, көпбалалы отбасылардың ай сайынғы жәрдемақыларын өзгерту мәселесі қаралып жатқан жоқ. Әзірше, сол күйінде қала береді. Бірақ әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне бірқатар өзгерістер енгізілді.

"Өткен аптада аталған заң жобасы Сенаттан шықты. Қазір Президенттің қол қоюына жіберіліп отыр. Оған сәйкес, неке туралы кодекске "көпбалалы отбасы" деген анықтама енгізіледі. Осы уақытқа дейін заң жүзінде ондай анықтама болмаған. Сосын оларға беріліп жатқан қаржылай көмек "арнайы мемлекеттік жәрдемақылар" деп аталатын. Енді, "баласы бар отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақылар" деп аталады. Оларды бөлек заңға шығарудың арқасында біз барлық жеңілдіктерді сақтай аламыз", - деп атап көрсетті С.Жақыпова.

Жоғары қарай