Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Конституцияның 30-дан астам бабына түзету енгізіліп, 20-дан астам заң қабылданады - депутат

2022 жылдың 13 мамыр 2022 20:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚаазАқпарат – Конституцияның 30-дан астам бабына түзетулер енгізіліп 20-дан астам заң қабылданады. Бұл туралы Қарасай аудандық ауруханасының қызметкерлерімен кездесуі кезінде сенатор Жанболат Жөргенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Парламенті Сенаты баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев Қарасай аудандық ауруханасының қызметкерлерімен кездесті.

Ол жүздесу барысында Конституцияға енгізілетін әрі еліміздің қазіргі кездегі саяси жүйесін өзгертуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар туралы айтты. Сенатор қоғамдық-саяси саладағы өзгерістер экономиканың дамуына, халықтың тұрмысының жақсаруына да әсер ететінін атап өтті.

«Конституциялық өзгерістер мемлекеттің жан-жақты дамуы үшін қажет. Тұтастай алғанда, Конституцияның 30-дан астам бабына түзетулер енгізіледі, сондай-ақ жыл соңына дейін 20-дан астам заң қабылданады. Өзгерістер биліктің барлық тармақтарына әсер ететін болады. Әсіресе, Парламент пен өңірлік мәслихаттардың рөлі артып келеді. Барлық конституциялық өзгерістер халықтың тілегі мен уақыт талабына сәйкес келеді», - деді сенатор.

Жанболат Жөргенбаев алдағы референдумның маңызын ерекше атап өтті және Қазақстанның болашағын азаматтардың өзі таңдайтын бүкілхалықтық референдумға халықтың жоғары деңгейде қатысатынына сенім білдірді.


Жоғары қарай